Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы

24.07.2023

Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы

                    

Ахмединов Анес

  Ахмединов Анес- Қараоба селолық округінің тумасы, тың және тыңайған жерлерді игерудің 50 жылдығына орай және де сол жылдардағы еткен еңбегі үшін Социалистік еңбек Ері атағының иегері болып марапатталған.

   2005 жылдың 14 желтоқсанында 3 шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 21- сессиясында шешім №3/21 қабылданып диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Ахметқалиев Нығи

   Ахметқалиев Нығи -1930 жылы туған, мамандығы бойынша жоғары білімді зоотехник, еңбек жолын 1942 жылы колхозшы болып бастап, кейін есепші –экономист болып қызмет атқарған. 1959 жылы Карл-маркс атындағы совхозда бас зоотехник, бас экономист қызметтерін атқарған. 1983 жылдан бастап-зейнеткер. Көп жылғы қызметі үшін алғыс хаттармен марапатталған. Барлыбай ауылының ардагері, кеңес төрағасы, жастар тәлімгері болған.

   2004 жылдың 27 желтоқсанында 3 шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 10- сессиясында шешім №6/11 қабылданып диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Әлисұлтанова Әминат Жәлейқызы

   Әлисұлтанова Әминат Жәлейқызы 1935 жылы Грозный қаласында туған, ұлты шешен, 1941 жылы Қазақстанға күшпен қоныс аударылған, 1953 жылдан бері Ақтоғай ауданының Харьков селолық округіндегі Қарабұзау ауылында тұрады. Осы ауылда түрлі жұмыстар істеді, зейнеткер. Алты бала тәрбиелеп өсірген ардақты ана, соңғы жылдары ол халық емдерімен адамдарды емдеу ісімен нәтижелі айналысып жүр. Оның аты тек біздің ауданда ғана емес басқа жақтарда да танымал. Оған көмек көрсетуін өтініп басқа аудандардан да, облыстардан адамдар келіп ем алып тұрады.

   2004 жылдың 5 қарашасында 3-шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 2- сессиясында шешім №6/10 қабылданып, №16 куәлік, диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Әміренова Жаңыл

   Әміренова Жаңыл-1940 жылы туған, қазақ. Жоламан ауылының тұрғыны. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысқан, жастар тәлімгері, қоғам жұмыстарына белсене араласушы.

   1996 жылы 4 наурызда 1-шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 11- сессиясында шешім қабылданып, №5 куәлік, диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Әмірханов Совет Әмірханұлы

   Әмірханов Совет Әмірханұлы -1941 жылдың 19 қаңтарында «Ақкөл» кенінде Павлодар облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген. 1973 жылдан бастап Краснокутск ауданында ауданның білім бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімі аппаратының  құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімінің кеңесшісі болды. Ауданымызға үлкен үлес қосқан үшін көптеген марапаттарға ие болған.2013 жылғы 19 қыркүйекте Ақтоғай аудандық  мәслихаттың 5-шақырылған кезектен тыс 21-сессиясында №81/21 шешімімен Ақтоғай ауданының «Құрметті азаматы» №29 дипломы табысталды.

 Баймұхамбетов Сату Мұхаметжанұлы

   Баймұхамбетов Сату Мұхаметжанұлы -1924 жылы 10 мамырда туған. Зейнеткер, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызыл алаңдағы жеңіс парадына қатысушы. Краснокутск (қазіргі Ақтоғай) ауданының 1968-1976 жылдары болған бірінші хатшысы.

   1968 ж. бастап Партияның Краснокутск аудандық комитетінің партия ұйымына басшылық жасады. Сол жылдары ауданда үлкен қарқынмен өндіріс және әлеуметтік-мәдени және мақсатындағы нысандар тұрғызылған.

   Бұл адам басшылық еткен жылдары 6 үлгі мектеп салынды, 1 балабақша, 4 мәдениет үйімен аудандық аурухана ғимараты, монша-кір жуу кешені және басқа нысандар салынды.

   2009 жылдың 4 қарашасында 3-шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 10- сессиясында шешім № 97/17 қабылданып, №17 куәлік, диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Видикер Николай Иванович

   Видикер Николай Иванович -1938 жылы туған, неміс. Харьков селолық округі, Қарабұзау ауылының тұрғыны. Еңбек жолы осы ауданның Чкалов атындағы совхозда басталған. Чкалов ОМ бітіріп,жүргізуші, ағаш ұстасы болып істеген. 1980 жылдан-трактор егіс бригадасының бригадасының ригадирі болып, 1981-1990жж. Ферма басқарушысы болып еңбек етті. 1991 жылы ауданында бірінші болып «Қазақстан» атты шаруа қожалығын ашып, күні бүгінге дейін сол қожа шаруашылығын басқарып, абыройлы қызмет атқарып жүрген абзал азамат, аудандық Мәслихат депутаты- алдында адал, абыройлы, Қоғам жұмысына белсене қатысады.

   2003 жылы 4 наурызда 2-шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 11- сессиясында №7/21 шешім қабылданып, №13 куәлік, диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Ғалымов Қайыржан

    Ғалымов Қайыржан - 1933 жылы туған, қазақ, жоғарғы білімді. Ақтоғай  ауылының тұрғыны. Осы ауданның тумасы, еңбек жасы осы ауданмен байланысты. Ішкі істер бөлімінде еңбек етті, аудандық мәдениет бөлімін, статистика бөлімін басқарды. Поселкелік  советтің төрағасы болып сайланды.

   Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысқан. Еңбек ардагері.

   2001 жылы 26 желтоқсанда 2-шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 13-сессиясында № 10/13 шешім қабылданып, №11 куәлік, диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Жұмабек Жүкенұлы Камзин

    Жұмабек Жүкенұлы Камзин- 1960 жылы30 қыркүйекте Қожамжар ауылында дүниеге келген. Осы ауылда Ж.Тіленшин атындағы орта мектепті 1978 жылы бітіріп, сол жылы Павлодар педагогикалық институтының дене шынықтыру факультетіне түсіп, бокспен шұғылданып алыс-жақын шетелдерге барып үлкен жарыстардың жүлдесіне ие болып «ССРО спорт шеберлігіне кандидат» деген дәреже алып, дипломымен 1983 жылы туған еліне оралды. Ақтоғай СПТУ-26 директорының орынбасары болып қызмет етті. 1988 жылы Краснокутск жастар ұйымының екінші хатшысы болып тағайындалып, 1989 жылы аудандық комсомол конференциясында бірінші хатшы болып сайланды.

   «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ вице-президенті, облыс мәслихатының депутаты және аймақтың экономикасына қосқан үлесі үшін -2005 жылы «Белсенді саяси қызметі үшін» белгісімен, 2006 жылы «Алюминий Казахстана» АК «Құрметті қызметкері» медалімен марапатталды.

   2007 жылы Қазақстан электролиз зауытының салу және іске қосу жөніндегі айрықша жобаны іске қосу жөніндегі айрықша жобаны жүзеге асыру барысындағы адал еңбегі үшін, елбасы Н.Назарбаевтың «Құрмет» орденінің иегері. Облыс, аймақ алдында сіңірген еңбегі үшін облыс әкімінің медалімен марапатталды.

   2012 жылғы 29 қыркүйекте 5 шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында №37/8 шешімімен  Ақтоғай ауданының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Зағұпаров Қабиден Фатқұллаұлы

   Зағұпаров Қабиден Фатқұллаұлы-1935 жылы туған. Ақтоғай ауданында ұзақ жылдар бойы өңірдің көркейіп гүлденуіне, әлеуметтік салалық дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеу үшін үлес қосқан, бірнеше құрмет грамоталарымен марапатталған.

   2005 жылдың 16 наурызында  2 шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 13- сессиясында шешім №2/13 қабылданып диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Имят Сөнтайұлы Сөнтаев

    Имят Сөнтайұлы Сөнтаев- 1922 жылдың 1 қазанында Павлодар облысы Куйбышев ауданы (қазіргі Ақтоғай ауданы) Сталин атындағы колхозда (Қожамжар ауылы) дүниеге келген. 1942-1944 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. 1945-1958 жылдары әртүрлі салаларда басшылық қызметтерді атқарды.

   1958 жылдан бастап ФЭСУ-453 көлік өндіріс учаскесінің төрағасы болып тағайындалып 1984 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеді. Атқарған еңбегі үшін бірнеше мемлекеттік наградалармен: 1 дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «За отвагу», «За Победу над Германией», «За основание целинных и залежных земель» медальдарымен марапатталды.

   2010 жылдың 14 сәуірінде 4 шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың сессиясында №118/21 шешімімен  Ақтоғай ауданының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Куватов  Бәри  Әбілмәжитұлы

   Куватов  Бәри  Әбілмәжитұлы -1942 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысы, Ермак ауданы, «Калинин» кеңшарында дүниеге келген.

   Еңбек жолын 1958 жылдан бастап Ленинград ауылдық кеңесінің төрағасы, 1994 жылдан бастап Приреченск ауылдық округінің әкімі. 2005 жылдың сәуір айынан  бастап аудан әкімінің кеңесшісі. Аудандық қоғамдық өміріне белсене қатысушысы. 2005 жылдан Ақтоғай ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланып, 2022 жылға дейін осы лауазымды ойдағыдай атқарды.

   2011 жылдың 17 қарашасында 4-шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 10- сессиясында шешім №193/37 қабылданып диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Қасенов Қазыбек Қасенұлы

   Қасенов Қазыбек Қасенұлы -20 наурыз 1945 жылы Новотроицкі ауылдық кеңесіне қарасты «Лениншіл» колхозында тіуған. Еңбек жолын Коминтерн атындағы кеңшарда жұмысшы болып бастаған. 1978 жылы аудандық партия комитетінің ұсынысымен Шідерті совхозының партком секретарлығына сайланған. Карл-Маркс кеіңшарының директоры болды, аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бастығының бірінші орынбасары болып табысты еңбек етті. Кейіннен Бөгенбай ауылына асыл тұқымды кеңшарға директор болып тағайындалды. 1996 жылы Ақтоғай ауданының әкімі болып қызмет етті. Қай салада істесе де, ол өзінің шебер ұйымдастырушы екенін дәлелдей білді.

    2005 жылдың 16 наурызында  3 шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 13- сессиясында шешім №2/13 қабылданып диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Құсайынов Мұса

   Құсайынов Мұса-1926 жылы туған, қазақ. Жалаулы  ауылының тұрғыны. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысқан, жастар тәлімгері.

   1996 жылы 5 шілдеде 1-шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 12- сессиясында шешім қабылданып, №8 куәлік, диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Құшанов Қабиден Әбілдәұлы

   Құшанов Қабиден Әбілдәұлы – 1926 жылытуған, қазақ. Ақтоғай селосының тұрғыны. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысқан. Ұлы Отан соғысының ардагері.

   1996 жылы 4 наурызда 1-шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 11- сессиясында шешім қабылданып, №2 куәлік, диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Липокуров Иван Яковлевич

   Липокуров Иван Яковлевич -1930 жылы туған, орыс. Приреченск селосы округінің тұрғыны. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысқан, жастар тәлімгері.

   1996 жылы 4 наурызда 1-шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 11- сессиясында шешім қабылданып, №2 куәлік, диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Мағзұмов Самат Мағзұмұлы

   Мағзұмов Самат Мағзұмұлы – 1939 жылытуған, қазақ. Ақтоғай селосының тұрғыны. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысқан, жастар тәлімгері, қоғам жұмысына белсене араласушы.

   2003 жылдың 16 қазанында 1-шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 1- сессиясында шешім №1/7 қабылданып, №14 куәлік, диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Марденов Жүкен Баймұханбетұлы

  Марденов Жүкен  Баймұханбетұлы 1934 жылдың 12 желтоқсанында Павлодар облысы Ақтоғай ауданының  Жаңа Аттаныс ауылында дүниеге келген.

   1956 жылда Алматы шетел тілдері институтын тәмамдады. Өзінің еңбек жолын Краснокутск ауданында бастады, ұстаз болып содан кейін  Либяжі орта  мектебінде директор қызметін атқарды.1961 жылы Мемлекеттік  қауіпсіздік органдары Павлодар облысы  бойынша МҚК  басқармасына  қызметке шақырылды.

   Қазақстан Республикасының  МҚК- ҰҚК  органдарында 30 жылдан аса жұмыс істеді, әртүрлі  құрылымдық  бөлімшелерді  басқарды, МҚК төрағасының  орынбасары  болып  тағайындалды.

   1988 жылы ерекше сіңген  еңбегі үшін « генерал- майор» жоғары атағына ие болды.

   Қызмет ету  мерзімінде «Құрмет белгісі» ордені, «Жауынгерлік жетістігі үшін» медалімен, Қазақ ҚСР жоғары кеңес президиум марапаттау қағазымен, «ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері» омырау белгісімен және КСРО мен ҚР 15 медальдарымен  марапатталды, ҚР Сыртқы істері- министрі – Қазақстанның  халықарлық қатынасты  нығайтуға  белсенді қатысқан үшін естелік алғыс  хаты табысталды.

   Еңбек демалысына шыққанда  кейін  генерал – майор Ж.Б. Марденов мемлекет қалыптастыруында  белсенділікпен атсалысты.

   Қазіргі уақытта  «Secamcor- Kazahstan» Грап -4 ЖШС күзет фирмасының  бас директоры, қоғамдық жұмысты жүргізеді. Қазақстан Республикасының  «Генералдар Кеңесі» қоғамдық  бірлестігі Президиумы Төрағасының  бірінші орынбасары болып табылады.

   2009 жылдың  4 қарашасында  Ақтоғай  аудандық Мәслихатының  IV  шақырылған, кезектен тыс XVII сессиясында № 98/17 шешімімен Ақтоғай ауданының  «Құрметті азаматы» дипломы табыс етілді

Мұқаев Болатпек Махметұлы

   Мұқаев Болатпек Махметұлы 1937 жылы 25 наурызда Шығыс Қазақстан  облысы  Павлодар облысы Ермак ауылында дүниеге келді.

   1967 жылы Семей зооветеринарлық  институтын зоотехник-ғылым мамандығы бойынша тәмамдады.

   Еңбек жолын жұмыскер болып бастап, ұзақ жылдар бойы өз мамандығы  бойынша еңбек етті.жетпісінші жылдары  Алматы жоғарғы партия мектебін аяқтаған соң  Қазақстан  Коммунистік  партиясы  Успен аудандық комитетінің  хатшысы болып  сайланады.

   1977 жылдың  маусым айында Ермак аудандық халықтық  депутаттар кеңесі атқару комитетінің төрағасы  болып  сайланды.

   1981 жылдың  мамырында Краснакутск  аудандық халықтық депутаттар кеңесі атқару  комитетінің төрағасы болып ауыстырылды. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері», және тағы да басқа медальдармен марапатталған.

   Павлодар облыстық, Ермак, Краснокутск аудандық, халықтық депутаттар кеңестерінің депутаты, Ермак, Краснокутск  аудандық партия  комитетінің  бюро мүшесі болып бірнеше рет сайланды.

   2012 жылғы 5 желтоқсанда  Ақтоғай аудандық мәслихаттың  V шақырылған  кезектен тыс  сессиясында №43/10 шешімімен Ақтоғай  ауданының  «Құрметті азаматы»  дипломы табыс етілді.

Мұқажанов Бейсенбі Мұқажанұлы

   Мұқажанов Бейсенбі Мұқажанұлы-1949 жылы шілденің 20 да Павлодар облысы, Краснокутск ауданы, Чкалов атындағы кеңшарда туған. 1968 жылдан бері онжылдық мектепті тәмамдаған. 25 жыл мал шарууашылық саласында еңбек етті.

   1986 жылдан бері облыстық, республикалық ақындар айтыстарына қатысып келеді. Семейде Әсет Найманбаевтың 150 жылдығы, Маңғыстауда Қашаған жыраудың, тараз қаласында Жамбылдың 150 жылдығы, Қызылжарда Ғ.Мүсіреповтың 90 жылдығы, Баянауылда өткен С.Торайғыровтың 100 жылдық, сондай-ақ қазақтың суырып-салма ақыны Иса Байзақовтың мерейтойлары құрметіне өткізілген ақындар айтысында жүлдегер атанған. Қазақ халқының аса қастерлейтін тіл өнерін дамытуға, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа санасына  аталар мұрасын жеткізуге игі ықпал етіп жүр.

   Б.Мұқажанов қазіргі уақытта Ақтоғай аудандық Мәдениет үйінде нұсқаушы болып қызмет етеді.

   2006 жылдың 23 желтоқсанында 3 шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 31- сессиясында шешім №5/31 қабылданып диплом және Ақтоғай аудандық «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Мұқамеджанов Адам

   Мухамеджанов Адам - 1925 жылы туған, қазақ. Қожамжар ауылының тумасы. Қожамжар ауылының тұрғыны. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысқан, жастар тәлімгері, қоғам жұмыстарына белсене араласушы, Ұлы Отан соғысының ардагері.

   1996 жылы 5 шілдеде 1-шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 12- сессиясында шешім қабылданып, №6 куәлік, диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Мұқанов Нәжмиден

    Мұқанов Нәжмиден 1916 жылы туған, қазақ. Әуелбек ауылының тұрғыны. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысқан. Ұлы Отан соғысының ардагері.

   1996 жылы 4 наурызда 1-шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 11- сессиясында шешім қабылданып, №1 куәлік, диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

                              Масақбаев Мақсұт Масақбайұлы

  Масақбаев Мақсұт Масақбайұлы 1924 жылытуған, қазақ. Ақтоғай селосының тұрғыны. Ұлы Отан соғысының ардагері.

  Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысқан, жастар тәлімгері, қоғам жұмысына белсене араласушы. 

   2003 жылдың 6 қарашасында 3-шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 2- сессиясында шешім №1/2 қабылданып, №15 куәлік, диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Нұрмағамбетов Дінислам Күзембайұлы

   Дінислам Күзембайұлы Семей қаласында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын 1961 жылы Куйбышев ауданында сот орындаушысы болып бастап, 1964 жылы дәрігер мамандығын даярлауда дара жолы қалыптасқан іргелі оқу орны Семей мемлекеттік медицина институтына «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 1970 жылы ойдағыдай тәмамдап шығады. 1972 жылы Кранокутск аудандық ауруханада рентгенолог дәрігері болып жүмысқа орналасады. Сол кезден бастап оның дәрігерлік жолы басталады.

   Ұзақ жылдар бойы ауданымыздағы орталық ауруханада рентгенолог дәрігері болып зейнет жасына дейін және одан кейін де жемісті еңбек етті. Тұрғындар денсаулығын сақтаудағы ұзақ жылғы адал еңбегі үшін Дінислам Күзембайұлына 2021 жылы «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Оразалин Әсет

   Оразалин Әсет-1926 жылы туған, қазақ. Мүткенов ауылының тұрғыны. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысқан, жастар тәлімгері.

   1996 жылы 5 шілдеде 1-шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 12- сессиясында шешім қабылданып, №7 куәлік, диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Орумбаев Альжан Орумбайұлы

    Орумбаев Альжан Орумбайұлы 1931 жылы маусымның 28 де Павлодар облысы,Железинка ауданы, Абай селосында туған.Еңбек долын 1941-1945  жылдары әртүрлі жұмыстарда, 1945 жылдан, Железинка ауданы Молотов атындағы колхозда  малшының көмекшісі одан соң бөлімше жұмысынан бастады. Павлодар ұстаздар кәсіптік мектебін бітірген соң 1948 жылдан Железинка ауданының Абай атындағы орта мектебінде  мұғалім болып қызмет істейді. 1949-1954 жылы Москваның Ленин орденді  ауыл шаруашылық академисын бітірген соң комсомолдық жолдамамен тың игеруге ертіс ауданына келіп, Ертісте агроном болып  орналасты. 1961 жылдан 1972 жылға дейін Қашыр және  Краснакутск аудандық партия  комитетінің екінші көмекшісі  болып қызмет атқарды.

    Еңбек «Қызылту» орденімен, екі құрмет белгісі орденімен, 1941-1945 жылдары ҰОС ардагері белгісімен және «тыңға 50 жыл» медалімен марапатталды.

    2006 жылдың 27 шілдесінде 3 шақырылған  Ақтоғай  аудандық Мәслихатының кезекті XXI сессиясында №3/26  шешімімен Ақтоғай ауданының «Құрметті азаматы» дипломы табыс етілді.

Өтегенов Қайролла Айдарханұлы

   Өтегенов Қайролла Айдарханұлы 1935 жылы Алтай өлкесінде туған, балалар үйінде тәрбиеленген. 1950 жылы біздің ауданға келіп қоныстанған. Механизаторлар мектебін бітіргеннен соң 1952 жылдан бері ауданымыздың Октябрьдің 25-жылдығы атындағы кеншарда механизатор болып тұрақты жұмыс істеді, зейнеткер, «Ленин» орденінің иегері.

   2004 жылдың 5 қарашасында 3-шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 10- сессиясында шешім № 6/10 қабылданып, №17куәлік, диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Рақымжанов Мырзамбек

   Рақымжанов Мырзамбек1918 жылы туған,қазақ, «Қараоба» ауылының тұрғыны. Ауылдың  әлеуметтік – экономикалық дамуына белсене қатысушы, Ұлы отан соғысының ардагері.

   1996 жылы 5 шілдеде өткен I-шақырылған Ақтоғай аудандық  Мәслихаттың 12-ші сессиясында шешім алынып,№ 9 куәлік, диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табыс етілді.

Раевский Петр Петрович

  Раевский Петр Петрович – Краснокутск ауданы Разумовка ауылында  дүниеге келген. Еңбек ардагері. Мектеп бітірісімен Қарағандыдағы киномеханиктер мектебіне түсіп, ойдағыдай тәмамдайды. Еңбек жолын 1956 жылы «Агрономия» совхозында бастайды. Сонан соң Петр Петрович жоғары экономикалық мектепті экономисмт мамандығы бойынша тәмамдайды. Ерен еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие болған. 2013 жылдың 19 қыркүйекте 4 шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың №5 сессиясында 82/21 шешімімен  Ақтоғай ауданының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Рамазанов Бәкібай Бәкібайұлы

   Рамазанов Бәкібай Бәкібайұлы- 1949 жылы 9 қаңтарда Павлодар облысы, Краснокутск ауданының Жаңааттаныс ауылында дүниеге келген. 1976 жылы С.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген.

   1973 жылдан бастап Краснокутск аудандық комитетінің насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы болып бекітілді. Содан соң Краснокутск мәдениет бөлімінің меңгерушісі, «Коммунистический труд», «Коммунистік еңбек» газеттерінің редакторы, ішкі саясат бөлімінің бастығы, «Ауыл тынысы», «Пульс села» газетінің бас редакторы, «Ақтоғай ауданы әкімі аппараты» кадрлік жұмыс бөлімінің бас маманы. КСРО журналистер одағының мүшесі. Ерен еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие болған.

   2013 жылдың 19 қыркүйекте 4 шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың №5 сессиясында 82/21  шешімімен Ақтоғай ауданының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Рахметуллин Хомар Рахметоллаұлы

   Рахметуллин Хомар Рахметоллаұлы -1941жылы Ақтоғай ауданы Мүткенов селолық округінің Жаңатап ауылында дүниеге келді. Онжылдық мектепті бітірген соң Чкалов атындағы ауылда тракторшы болып жұмыс істеген, 1960-1963 жылдары әскер қатарында, 1963-1968 жылдары Целиноград ауыл шаруашылық институтын бітірді.Жолдамамен Чкалов атындағы кеңшарда механик болып бастаған. 1970 жылы Харьков кеңшарының бас инспекторы болып тағайындалған. 1980-1985 жылдары Шідерті кеңшарында директор болып қызмет етті.

   1985-1996жылы Ақтоғай ауданының өндірістік жол учаскесі бастығы қызметін атқарды.

   2005 жылдың 16 наурызында  2 шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 13- сессиясында шешім №2/13 қабылданып диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.                         

Садуақасов  Сансызбай  Садықұлы

   Садуақасов  Сансызбай  Садықұлы -19 сәуір 1940 жылы туған, Ақтоғай селосының тумасы. 1959 жылы онжылдық мектепті бітірген соң біраз ДЭУ-240 та бас инженер болып қызмет атқарған. 1973 жылы Краснокутск автобазасына ауысып әуелі өндіріс басқарушысы болып, 1979 жылы АТП-1913 қа директор болып тағайындалды. 1988 жылы автошколдың директорлығына ауысқан. 1998 жылы аудан әкімшілігіне ауысып ұйымдастыру бөлімінің бас маманы болып істеген.

    2005 жылдың 16 наурызында  3 шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 13- сессиясында шешім №2/13 қабылданып диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Сарсенбеков Сейлхан

   Сарсенбеков Сейлхан 1923 жылы Ақтоғай ауданы Мүткенов селолық округінің Жаңатап  ауылында туған.Ұлы отан соғысының ардагері 1942 жылы Кеңес армиясы қатарына алынды. Ол ішкі істер  халықтық комитетінің 166 толқында, 105  шекара полкында, 38 атқыштар полкында қызмет атқарған. Кеңес одағының 1948 жылғы 14 қазанда шыққан қаулысы бойынша ол 1949 жылдың 12 наурызында елге оралып, еңбек майданына орналасты. Жүргізуші болып жұмыс істеді. Тыңды көтеруге қатнасты. 1988 жылы еңбек демалысына шықты. Зейнеткер болса да қоғамдық жұмысқа белсене ат салысып, Қараоба селолық округінде ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ол 4 бала тәрбиелеп өсірді. Жұбайы Сату екеуі Сәрсенбеков Сейлхан Ұлы отан соғысының бірнеше орден, медальдарымен марапатталған.

  2005 жылдың 7 маусымында 3 шақырылған  Ақтоғай аудандық Маслихаттың кезекті 15 сессиясында №13/15 шешімімен Ақтоғай ауданының «Құрметті Азаматы» дипломы  табыс етілді.

Сарсенов Зекен

   Сарсенов Зекен 1922 жылы 5 тамызда Павлодар облысы Куйбышев ауданы Жаңа аттаныс ауылында шаруа отбасында  дүниеге келген.

   Әжесі Исаұлы Сәрсен діни тұлға арабша оқыған, қасиетті үлкен молда адам болған. Анасы Құтжан  Думатқажықызы. Аудандағы Сталин мектебінің 9 классын  үздік бітіріп, 1940 жылы Павлодар педагогикалық  училещесі жанындағы қысқа мерзімді мұғалімдер даярлайтын курсын аяқтайды. Сол жылы  Харьков 7 жылдық мектебінде  мұғалім болып істейді. 1942 жылдың 20 мамырында Кеңестер  армиясының қатарына алынады. Гурьев қаласындағы әскери  училищесін тәмамдап, лейтенант атағын алып, шұғыл түрде Сталининград майданына аттанады.

   1943 жылы 3-ші Украин майданы  құрамындағы 17-ші әскери – әуе флоты, 20-шы грекше мамандырылған  ротада қызмет етеді. Осы  соғыстың әр кезеңінде жоғары  қолбасшы И.В. Сталиннен 13 рет мақтау  грамотасын алады. Ерекше ерліктері үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен», «қызыл жұлдыз», I- дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, Германияны жеңгені үшін  медальдарын тығып, жеңіспен   аман-сау елге оралады. Жлпы бір ағарту саласында 45 жыл еңбек еткен.

   2012 жылғы 5 желтоқсанда Ақтоғай аудандық мәслихаттың V шақырылған кезектен тыс сессиясында №42/10 шешімімен Ақтоғай  ауданының «Құрметті азаматы» дипломы табыс етілді.

Сейполла Ниязұлы Жанарбаев

   Сейполла Ниязұлы Жанарбаев 1929 жылы 15 желтоқсанда Омбы облысы, Алакөл  ауылында дүниеге келген. 1937 жылы Алакөл орта мектебіне оқуға түсіп 1947 жылы оқып бітірді. 1949 жылдың шілде айына дейін Омбы облысы Черлан ауданы  бастауыш мектебінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

   1960 жылдан 1962 жылға дейін – Краснокутск аудандық партия комитетінің  партиялық  кабинеттер меңгерушісі. 1962-1964 жылдары Алматы  жоғарғы мектебінің  тыңдаушысы болып табылды. 1971 жылдың қараша айынан бастап  зейнеткерлікке шыққанға дейін Краснакутск аудандық  депутаттар кеңесінің  атқарушы комитетінің  төрағасының  орынбасары болып қызмет атқарды. «Құрмет белгі» ордені, «Еңбекте үздік шыққаны үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері», «Ұлы отан  соғысындағы жеңістің 60 және 65 жылдығы», «Ерен еңбегі үшін», «Кеңес одағының бейбітшілік қоры » медальдары бар.

   2012 жылғы 5 желтоқсанда Ақтоғай аудандық мәслихаттың  V шақырылған кезектен тыс сессиясында №44/10 шешімімен Ақтоғай ауданының «Құрметті азаматы» дипломы табыс етілді.

Түгелбаев Әбілхақ Балғабайұлы

   Түгелбаев Әбілхақ Балғабайұлы 1949 жылы 9 қарашада туған. Блімі жоғары, Семей зооветеринарлық институтын 1972 жылы бітірген, ғалым зоотехник, 2003 жылы С. Торайғыров атындағы университетін  тамамдаған, экология магистрі, қазақ  ұлттық аграрлық университетінің 2005 жылғы түлегі, жер қатынастары және жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі инженер.

   Еңбек жолын 1972 жылы Павлодар облысы Екібастұз ауданы Өлеңті кеңшарында зоотехник- селекционер болып бастап, кейін кеншардың бөлімше зоотехнигі, бас зоотехник, 1983-1989 Екібастұз  ауданының «Ақкөл» қой шаруашылығы кеншарының директоры болып қызмет атқарды.

   1989-1992 жылдарда  Краснокутск аудандық халық депутаты кеңесінің және  атқарушы комитетінің төрағасы, 1993-1995 ж ауданның алғашқы әкімшілік  басшысы, 1995-1997 Ақтоғай ауданының тұңғыш әкімі болып тағайындалды.

   Осы жылдарда Ә.Түгелбаев  өзінің ұйымдастырушылық қабілетін, еңбекқорлығын көрсетіп, ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына қомақты үлес қосты.

   1996 жылдан «Ертіс» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (ет комбинаты) Павлодар орман және  аңшылық шаруашылық бірлестігінің бас директоры, Павлодар қаласының қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы. 2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Павлодар ЖШС» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқаруда.

   «Құрметті жерге орналастырушы» белгісі мен әртүрлі мерейтойлық медальдармен, құрмет грамоталармен марапатталған.

   2009 жылдың 4 қарашасында Ақтоғай аудандық Мәслихатына IV шақырылған, кезектен тыс XVII сессиясында №95/17 шешімімен Ақтоғай ауданының «Құрметті азаматы» дипломы табыс етілді.

Уалитов Болат Уалитұлы

   Уалитов Болат Уалитұлы -1 ақпан 1938 жылы туған, қазақ, жоғары білімді. Ақтоғай ауылының тұрғыны. Ақтоғай ауданының тумасы, еңбек жолы осы ауданмен байланысты. Целиноград ауылшаруашылық институтын бітіріп, 1968 жылы еңбек жолын Жданов ауылының зоотехнигінен бастаған, сол 1968 жылы Жданов совхозына бас зоотехник жұмысына жіберілген. 1976-1983 жж. дерегінде ауданымыздағы бірден-бір ірі шаруашылық Чкалов совхозында бас зоотехник болып жемісіті еңбек атқарды, 1983 жылы аудандық ауылшаруашылық басқармасына бас зоотехник болып тағайындалды. Сол қызметтен зейнеткерлікке шыққанға дейін абыройлы қызмет атқарды. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысқан, жастар тәлімгері.

   2003 жылы 15 қаңтарда 2-шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың кезекті 11 сессиясында № 7/21 шешім қабылданып, №12 куәлік, диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды. 

Шарапежникова Отелия Карловна

   Шарапежникова Отелия Карловна - 1936 жылы туған, неміс. Приреченск селосы округінің тұрғыны. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысқан, жастар тәлімгері, қоғам жұмыстарына белсене араласушы.

   1996 жылы 4 наурызда 1-шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 11- сессиясында шешім қабылданып, №4 куәлік, диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Шаяхметов Тасболат Қасенұлы

   Шаяхметов Тасболат Қасенұлы - 1937 жылы 8 қарашада Омбы облысында дүниеге келді. Жалаулы орта мектебін тәмамдаған Тасболат Қасенұлы 1957 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қаз ПИ-дің физика-математика факультетіне оқуға түседі. Жоғарғы оқу орнын табысты тәмамдайды. 1961 жылы Қазақ КСР-нің жоғарғы оқу орындары министрлігінің жолдамасымен Павлодар индустриялық институтының жоғары математика кафедрасына оқытушы болып орналасты. 1977 жылдың шілде айында Павлодар педагогикалық институтының оқытушысы болып тағайындалды. Ғылыми педагогикалық қызметі мен жемісті еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

   2007 жылы 24 желтоқсанда 2-шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 31 - сессиясында № 9/3 шешім қабылданып, №11 куәлік, диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.                    

Шорманов Жасұлан Хамитұлы

    Шорманов Жасұлан Хамитұлы 1941 жылдың 1 ақпанында Качиры ауданы, Байқоныс совхозында туған. Жасұланның отбасы қазіргі Преснов селолық округінің  бір бөлімшесінде тұрған. Бұл бөлімшенің мал- мүлкі Ертіс  өзенінің сол жағалауында ұйымдасқан Октябрьдің 25 жылдығы атындағы совхоз иелігіне берілген кезде Шормановтар отбасы да осы совхозға қоныс аударады. Ауылдық мектептің 7 класын тәмамдаған Жасұлан әрі қарайғы оқуын Спартак орта мектебінде жалғастырады. Орта мектепті бітірген балаң жігіт совхозда біраз еңбек етеді. 1960-1963 жылдары Кеңестер Армиясы қатарында болып, Отан  алдындағы азаматтық борышын өтейді. 1963-1965 жылдары ауылда есеп-қисап қызметін атқарады. 1965-1971 жылдары жас жігіт Жасұлан Шорманов 25 жылдық Октябрь совхозы комсомол ұйымын басқарып, жастарды сол кездегі коммунистік рухта тәрбиелеуге көп еңбек сіңіреді. 1989 жылы аудандық мәдениет бөліміне меңгерушілік қызметке келеді. 1990 жылдың тамыз айында 25 жылдық Октябрь совхозына – портком хатшылығына ауыстырылады. Бұл жұмысты 1991 жылдың қыркүйегіне дейін – компартия қатары ыдырағанша істейді. Соңынан осы совхозда директордың орынбасары, бөлімше басқарушысы секілді жұмыстар атқарады. 1996 жылдың тамызында Харьков совхозына кооператив төрағасы болып сайланады. 1998 жылдың мамырынан Әуелбек ауылдық округінің әкімі қызметіне ауыстырылады. Осы қызметінен  зейнеткерлікке шығады. 2004 жылы зейнеткерлікке шыққанымен, өзінің қызметке деген ынта- ықыласын, денсаулық жағдайын да жақсы сезінген ол әрі қарай да қазанша қайнаған ғоғам өмірінен шет қалғысы келмейді. Қалай да өзіне де, қоғамына да пайдалы істі- өзіне ежелден етіне жақын істі – атқарғысы келеді. Қазір ол Ақтоғай селосы ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық ақпарат – насихат тобының мүшесі. Мәслихат  сайлауларында аудандық сайлау штабын басқарады. Мемлекеттік марапаттары: «В.И. Лениннің 100 жылдық мерейтойына» арналған медаль, «Еңбек ардагері» медалі, Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың екі мәрте алғыс хаты, Павлодар облысы әкімінің Құрмет Грамотасы, аудан  әкімінің Құрмет грамотасымен үш мәрте.

   2008 жылдың 26 маусымында 4- шақырылған Ақтоғай аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында №42/6 шешімімен Ақтоғай ауданының «Құрметті азаматы» дипломы табыс етілді.

Ысқақов Жұмаш Ахмедияұлы

   Ысқақов Жұмаш Ахмедияұлы -1944 жылы туған, қазақ. Ақтоғай  ауылының тұрғыны. Аудан спортының дамуына көп еңбек еткен. Селолық, аудандар арасында Ақтоғай ауданы осы көрсеткіш бойынша алдыңғы қатардағылардың бірі болды. Қарттар жылына орай Халықаралық турнирде жүлдегер болды.

   1999 жылы 22 желтоқсанда 2-шақырылған Ақтоғай аудандық Мәслихаттың 2- сессиясында шешім қабылданып, №10 куәлік, диплом және Ақтоғай селосының «Құрметті Азаматы» лентасы табысталды.

Юрьев Михаил Павлович 

   Юрьев Михаил Павлович 1931 жылддың 4 қарашада Семипалатинск облысы  Бесқарағай ауданы Б.Владимировка ауылында  дүниеге келген. Еңбек  өмірбаянын 1952 жылы ауылшаруашылығы  механикаландыру Семипалатинск техникумын тәмамдаған соң Семипалатинск облысы Бесқарай ауданының Долонский МТС учаскелік механигі ретінде бастап, сол МТС-ының  материял- техникалық  жабдықтау жөніндегі инженері, инженер бақылаушы, бас инженері, содан кейін Павлодар облысы шарбақты ауданы  Қарабидай  кеңшарының бас инженері болып  жұмыс істеді.

   1961 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы «Бірлік» кеңшарының директоры болып тағайындалды, осында ол орталық ғимаратының алғаш кірпішін қалады. 1965 жылы осы ауданының ауылшаруашылығы өндірістік басқармасының бастығы болды, 1969 жылы аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, 1973 жылы Баянауыл ауданының  халық депутаттары кеңесінің атқару комитетінің  төрағасы болып сайланды.

   1976 жылы  Қазақстан компартиясының Краснокутск ауданының комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды, 1991 жылға дейін зейнеткерлікке шыққанша жұмыс істеді.

   Қазақстан Коммунистік партиясының тың көтеру өлкелік комитетінің мүшесі, Қазақстан коммунистік  партиясының XI, XIX,XV, XVI, XVII съездерінің делегаты болды.

   Еңбек қызыл туының екі орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен және тоғыз медаль үкіметтік наградаларымен марапатталды. Қаз СРО Жоғарғы кеңесінің үш  құрмет грамотасымен, халық депутаттарының  облыстық кеңесінің  үш грамоталарымен, облыстық Мәслихаттың Құрмет грамотасымен «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, КСРО халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің  медальмен марапатталды.

   Облыстық партия комитетінің  мүшесі, халық  депутаттарының облыстық және аудандық кеңесі депутаты болып бірнеше рет сайланды. Қазақстан Республикасының дербес зейнеткері.

   2009 жылдың 4 қарашасында Ақтоғай аудандық  Мәслихатының  IV шақырылған кезектен тыс XVII сессиясында № 96/17 шешімімен Ақтоғай аудандық «Құрметті азаматы» дипломы табыс етілді.

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған