«Жалаулым, жерұйығым, туған жерім» (Жалаулы ауылдық кітапханалық жоба)

04.10.2021

«Жалаулым, жерұйығым, туған жерім» (Жалаулы ауылдық кітапханалық жоба)

 

Жоба тақырыбы: «Жалаулым, жерұйығым, туған жерім»

Жоба мақсаты:

  • - Оқырмандардың, әсіресе жас ұрпақтың туған жер туралы түсініктерінің аясын кеңейту, оның қастерлі ұғым екенін түсіндіру.
  • -Әр адамға өзінің туған жері, кіндік қаны тамған жері, алғаш жарық дүние есігін ашқан жері қымбат, әрі ыстық, осы ұғымды саналарына сіңіру және өз туған жерінің патриоты болуға тәрбиелеу.
  • Оларды туған ауылының тарихымен, табиғатымен, әлеуметтік жағдайымен, көрікті жерлерімен, әйгілі адамдарымен жақын таныстырып, толығырақ ақпарат беру.
  • Ауылымыздың көркеюіне еңбектері сіңген құрметті азаматтарымыз, еңбек және соғыс ардагерлері жайлы және қазіргі уақытта ауылымызды дамытуға үлесін қосып жүрген азаматтар жайлы әңгімелеу.
  • Оқырмандардың  кітап оқуға, оның ішінде өлкетану әдебиеттерін оқуға  қызығушылығын арттыру, кітап оқу арқылы өлкесін танып білуге баулу.

Жобаның міндеттері: 

  • Жалаулы ауылының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ауылымыз туралы жерлес  ардагерлерден  сұрастырып, материалдар іздестіріп, папкаға жинау жұмыстарын жасау.
  • Ауылымыздың еңбек ардагерлерімен оқушыларды кездестіріп, кітапханада кеш ұйымдастыру.
  • Ауылымыздан шыққан әйгілі құрметті азаматтарды ауылымызға шақырып, кітапханада дөңгелек үстел және кештер ұйымдастыру.
  • Өңіріміздегі тұзды өзен-көлдер жайында материалдар жинақтау.
  • Өңіріміздің тарихы, көрікті жерлері, әйгілі адамдары жайында кітап көрмелері , слайдтар жасап, балаларға көрсету.
  • Өлкетану туралы қордағы әдебиеттерді насихаттау.
  • Кітап оқуды ілгерілетіп, кітапхана мәртебесін биіктету.
  • Патриоттық тәрбие беру.

Жобаның өзектілігі:

   Өкінішке орай қазіргі таңда жастар өлкетану бойынша өз туған жері туралы көп біле бермейді және білуге де тырыспайды. Өйткені олар көп уақыттарын компьютер, ұялы телефонмен өткізеді. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюмыз керек. Осыған шектеу қою үшін,  кітап оқуды жандандыру арқылы, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру арқылы өз өлкесін танып білуге баулу. Компьютерде тек қана жаңалықтар, ал кітапта нағыз білім, рухани байлық жатқанын түсіндіру.  Туған ауылымыз жайлы қызықты тартымды іс-шаралар ұйымдастырып, кітап көрмелер, слайд-презентациялар жән видеороликтер дайындап оқырмандарға ұсыну. Ауылымыздың табиғатына, көрікті жерлеріне саяхатқа апарып таныстыру. Осылай балалардың өз кіші Отанына деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын ояту.

Жобаны іске асыру әдістері: 

  • Конкурстар мен акциялар өткізу;
  • Әдеби кештер, кездесу кештер өткізу;
  • Кітап көрмелерін ұйымдастыру;
  • Ауыл сыртына саяхатқа апару;
  • Слайдшоу, презентациялар жасау;
  • ҰОС қатысқандарға арналған ескерткішке саяхат жасау;

Осы жоба аясында атқарылған іс-шаралар жайында дер кезінде кітапхана сайтына, әлеуметтік желіге жіберіп отыру.

Жоба аясында өткізілетін жұмыстар жоспары:

Өткізілетін іс-шараның тақырыбы

Түрі мен әдістері

Өткізілетін орны

Мерзімі

Жауаптылар

1.

 

«Туған жер – төрім мәңгілік»

Жалаулы - 90 жыл

Кітап көрмесі

Жалаулы ауылдық кітапханасы,

Жалаулы ОМ кітапханасы

Жыл бойы

Малгаждарова К.

Мусабаева Л. мектеп

кітапханашысы

2.

«Шежірелі елім – Жалаулы»

Жалаулы - 90 жыл

Патриотты кеш

Жалаулы ОМ кітапханасы

 

18 Қаңтар

Малгаждарова К.

Мусабаева Л.

3.

 

«Жазира далам Жалаулы»

Жалаулы - 90 жыл

Кездесу кеші

Жалаулы ауылдық кітапханасы

11 Шілде

Малгаждарова К.

4.

 

О.Әміркенұлы «Жалаулы – жүрегімнің жыры сенсің»

Жалаулы - 90 жыл

Кітаптың тұсаукесері

Жалаулы ауылдық кітапханасы

8 Қазан

Малгаждарова К.

5.

«Өңірі Жалаулының сырға толы»

Жалаулы - 90 жыл

Слайд- альбом даярлау

Жалаулы  кітапханасы,

Жалаулы ОМ кітапханасы

Жыл бойы

Малгаждарова К.

Мусабаева Л.

6.

«Елін қорғау – ерге серт»

Жалаулы - 90 жыл

Ұлы Жеңіс – 75 жыл

Патриотты сағат

ҰОС-на қатысқандарға арналған ескерткіш жанында

5 мамыр

 

Малгаждарова К.

7.

«Жалаулы өңірінің еңбек және соғыс ардагерлері»

Жалаулы - 90 жыл

Ұлы Жеңіс – 75 жыл

Папка даярлау

Жалаулы ауылдық кітапханасы

Жыл бойы

Малгаждарова К.

8.

«Жалаулы өңірінің әйгілі адамдары»

Жалаулы - 90 жыл

Папка, буклеттер даярлау

Жалаулы ауылдық кітапханасы

Жыл бойы

Малгаждарова К.

Күтілетін нәтижелер:

Туған ауылымыз туралы көбірек материалдар жинап, жастардың өз туған ауылына деген қызығушылықтарын ояту, әр бір саналы азамат өз туған жерінің тарихын білуге және елінің патриоты болуға міндетті деген ұғым қалыптастыра отырып, төмендегідей нәтижелер күтіледі:

  • Өлкетану әдебиеттерін насихаттау, оқырмандар санын көбейту;
  • Балалардың кітапқа деген ынталарын жақсарту;
  • Оқырмандармен тығыз байланыс орнату;
  • Кітапханаға жаңа оқырмандар тарту;
  • Туған жерге деген қадір құрметін арттыру;
  • Жерлес танымал адамдар туралы білуге құмарландыру;
  • Туған өлкені танып білуге құлшыныстарын арттыру.

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған