"Өлкемізді өзгелер де танысын" Жаңабет ауылдық  кітапханалық жоба

23.09.2021

"Өлкемізді өзгелер де танысын" Жаңабет ауылдық  кітапханалық жоба

 

   Кіріспе: "Отан отбасынан басталады" демекші Отанды сүю, оған қызмет ету-ананың сүтінен, әкесінің қанымен сіңе отырып туған жерінің ішкен суы, жұтқан ауасы, қалыптасқан дәстүрімен дариды. Туыл-өскен жеріңнің әрбір тауы мен тасын, суы мен нуын сүйіп, қызғыштай қорғай білген, сол жердің мәдениеті мен әдебиеті, тарихымен экономикасын гүлдендіру жолында қызмет еткен адамдарын танып, құрметтей білшен адам Отанын да шексіз сүйе білген, нағыз патриот болатыны сөзсіз. Осы бағытта жас ұрпаққа өз өлкесінің тарихы мейлінше терең танытуға кітапхана басты тәрбие ошағы.

   Жаңабет ауылдық кітапхнасы елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласы-ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келеі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжатты басшылыққа алып 2020 жылдан жоғарыдағы жобаның негізінде "Өлкемізді өзгелер де танысын" атты жоба жасақталды.

   Жобаның мақсаты:

  • Оқырманға -өлкетану - ағартушылық қызмет көрсетудегі кітапхананың ақпарат орталығы ретінде рөлін нақтылау;
  • Өлкетану-ағартушылық жұмыстарын насихаттау;
  • Жас ұрпақты өз Отанын, туған жерін құрметтеуге, өлкенің тарихын біліп, табиғатын сүюге шақыру;
  • Өлкені жан-жақты таныту ісіне жанашыларды кітапханаға тарту отырып жұмыстандыру;
  • Өлкетану тақырыбындағы әдебиеттерді насихаттауда заман талабына сай ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету. 

  Жобаның міндеті: 

  • Кітапхананың қорын өлкетану тақырыбы бойынша шығарылатын мәліметтер базасы толықтырып отыру;
  • Жоба аясында өткен шараларды жергілікті баспасөз бетіне жариялау;
  • Толық мәтінді кітапханалық мәліметтер қорын жасақтау.

2020 жылға жоспарланған кітапханалық іс-шаралар

1-бөлім "Тарихтың бір парағы" 

2 бөлім "Туған өлке мақтаныштары"

1- бөлім«Тарихтың бір парағы»

Шараның аты

Шараның өтілу түрі

Өтілу мерзімі

«Өкпем жоқ өмірім өзіне ...»

Ақын Қимадиден Нығмановтың туған күніне орай

Портрет кеші

 

 

2020 ж 11 қаңтар

2-бөлім «Туған өлке мақтаныштары"

Шараның аты

Шараның өтілу түрі

Өтілу мерзімі

"Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» әртүрл ісаладағы ауыл жастарымен кездесу

Кездесу кеші

 

 

2020 ж. шілде

«Ардагерлер-даналық пен даңқтың үлгісі»

Мұражайға саяхат

2020 ж. мамыр

Күтілетін нәтиже

  Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.Мақсатымыз айқын,бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең  дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін санамыз ісімізден оқып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау арқылы, Ақтоғай өңірінің ақындар, еңбек,өнер адамдарының, мәдениет пен әдебиетке өзіндік өрнегін салып, туған өлке тарихының өркендеуіне өлшеусіз  үлес қосқан саңлақтардың өмірі мен шығармашылығын білу. Оларды мақтан тұтып-кейінгі ұрпақтың есінде сақтау мақсатында – өткен шараларды жинақтап, әлеуметтік желілер арқылы өзгеге таныту, облыс көлемінде тарату, жинақтап кітап қорын толықтыру.

Өткізілетін шараның критерилері

  • Өткізілетін орны ауылдық кітапхана;
  • Орындықтар мен үстелді шара форматына сай орналасады;
  • Кең көлемді кітап көрмесі орналастыру;
  • Шараға арнайы шақырылатын қонақтар саны - 1-ден 3-ке дейін;
  • Шараларға  8-10 адам қатысуы мүмкіндігі;
  • Кешке арнайы шақырылған қонақтар тақырыпты ашу;
  • Тақырыпқа қарай баяндама әзірлеу;
  • Тақырыпқа сай тақпақтар, әндер таңдау;
  • Әр тақырыпқа сай бейне-слайд көрсету;
  • Өтіп жатқан шараны түсіріп,сайтқа,басылымдарға жариялау;
  • Аудан көлеміндегі кітапханаларға көмекші құрал ретінде тарату.

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған