КГУ

Бейбіт Бөжен

   1982 жылы 18 наурызда Павлодар облысы  Ақтоғай ауданы Жаңабет ауылында дүниеге келген.

   Қимадиден Нығыманов атындағы орта мектепте тоғызыншы сыныпқа дейін оқып, 1997 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы №3 гимназия-интернатына оқуға түсіп, 1999 жылы  тәмамдаған.  2004 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі мамандағы бойынша бітірген.

   Түрлі жыр мүшәйраларына қатысып, жүлделі орындардан көрінген. Өлең-жазбалары бірқатар республикалық, облыстық жинақтарға енген, мерзімді баспасөз беттері мен әдеби-көркем журналдарда басылған.

   Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» гезетінде, «Ирбис» телеарнасында журналист, «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газетінің Павлодардағы меншікті тілшісі болып еңбек еткен.

   Қазіргі күні «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар жөніндегі жетекші маманы болып қызмет етеді.

   Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, Павлодар облысының 65-жылдығы мерейтойлық медалімен, Павлодар облысы алдында сіңірген еңбегі үшін медалімен, Павлодар ауданының 85 жылдығы мерейтойлық медалімен марапатталған. Павлодар облысы әкімі грантының иегері.

   Аудандық, облыстық, республикалық айтыстардың жүлдегері. Аймақтық жыр мүшайралардың жеңімпазы. Өлеңдері Республикалық, облыстық газет-журналдарда жарық көрген. 

   2015 жылы «Өлеңдерім-өмірбаяным» атты жеке өлеңдер жинағы, 2020 «Ел-тұғыр» кітабы жарық көрді.

   Қимадиден Нығымановтың «Ақдидар», «Өмір жаңалықтары» кітаптарының редакторы, «Өнегелі өмір», «Жақсы адам» кітаптарының редакторы және құрастырушысы. 

   2021 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Бөжен Бейбіт Өлеңдерім - өмірбаяным / Б. Бөжен. – Павлодар : Сытин баспаханасы, 2016. – 99 б.
  2. Бөжен Бейбіт Қазанаты арқан үзген қазықта..."  : (Өлеңдер) // Найзатас. – 2013. – №1. - 174 - 187 б.
  3. Бөжен Бейбіт Ұлт жанды едің ғой, ДОС // SARYARQA SAMALY. – 2019. - 28 ақпан. - 17 б.
  4. Бөжен Бейбіт Адамзаттың асылына еңселі ескерткіш  // Айқын. -2010. – 1 сәуір. - 1, 5 б.
  5. Бөжен Бейбіт Әріптесімнің арқасында атамның зиратын таптым"  // Сарыарқа самалы. – Бөжен Бейбіт Даусыма ұшқан құс та үйірілген..." : // Сарыарқа самалы. – 14 ақпан. - 8б. 2004
  6. Бөжен Бейбіт Елі ардақтаған ақын.// Сарыарқа самалы. – 2004. - 20 қараша. – 3 б.
  7. Бөжен Бейбіт Жасыбай батыр // Сарыарқа самалы. – 2015. - 2 шілде. - 5 б.
  8. Бөжен Бейбіт Жеңіске қосқан үлесі зор  // Сарыарқа самалы. – 2014. - 6 мамыр. - 6 б.
  9. Бөжен Бейбіт Жүз беске жеткен емші ақсақал : // Сарыарқа самалы. – 2005. - 31 мамыр. – 8 б.
  10. Бөжен Бейбіт Көріпкел // Сарыарқа самалы. – 2017. - 28 наурыз. - 7 б.
  11. Бөжен Бейбіт Қазанаты арқан үзген қазықта..." : [поэзия] // Найзатас. – №1. - 174 - 187 б. 2013
  12. Бөжен Бейбіт Қазіргі қарғыс: Сықақ // Сарыарқа самалы. – 2006. – 2 желтоқсан. – 6 б.
  13. Бөжен Бейбіт Халықтың ұлы: // Сарыарқа самалы. – 2017. - 2 наурыз. - 14 б.
  14. Елдің атын ер шығарар: [Жергілікті ақын Бейбіт Бөженмен сұхбат  / Әңг. Н.Жайықбаев]. // Сарыарқа самалы. - 2006. – 7 қараша. - 8б. 2006
  15. Бөжен Бейбіт Қажылардың мекені  // SARYARQA SAMALY. – 2019. - 4 шілде. - 15 б.
  16. Бөжен Бейбіт Көкшулан  : (Арман ағама). // Naizatas. – 2019. - № 1(44). - 45 б.
  17. Бөжен Бейбіт Тектіліктің тұғыры // Naizatas. – 2019. - № 3 (46). - 12 - 17 б.
  18. Бөжен Бейбіт Өте балуан  // Naizatas. – 2019. - № 3 (46). - 18 - 23 б.
  19. Бөжен Бейбіт Молдалардың молдасы  // SARYARQA SAMALY. – 2019. - 12 қазан. - 6 б.
  20. Бөжен Бейбіт Қажылардың қонысы   // SARYARQA SAMALY. – 2019. - 4 шілде. - 15 б.; Naizatas. - 2019. - №4 (47). - 16 - 21 б.
  21. Бөжен Бейбіт Ақтоғай-Ертіс бойының тарихи // Ақбеттау. – 2019. - №2 (7) маусым. - 29 - 44 б.
  22. Бөжен Бейбіт Дәрігер Арын  // SARYARQA SAMALY. – 2020. - 21 мамыр. - 16 б.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған