ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҚЫРМАН ҰРПАҒЫ – 2021

06.04.2022

Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдауға бағытталған
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҚЫРМАН ҰРПАҒЫ – 2021»
жалпыұлттық акциясының тұжырымдамасы

 

Өзектілігі:

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы оқу мәселесінің маңыздылығын атап өтті және бұл мәселедегі кітапханалардың мәртебесіне назар аудара отырып, еліміздің барлық тұрғындарының күш-жігерін қазақстандық оқырман ұрпақты тәрбиелеуге шақырды.

Осыған орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 2021 жылды – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы деп жариялауды ұсынады. Бұл өз кезегінде балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тартуға мүмкіндік беріп, олардың жеке басының әл-ауқатына, денсаулығына, әлеуметтік және экономикалық нәтижелеріне оң әсер ететін болады.

Қазақстан  Республикасының   Ұлттық   экономика   министрлігі   Статистика   комитетінің   2021   жылғы  1 қаңтардағы ресми дерегі бойынша елімізде жассанаты 14 жасқа дейінгі балалардың саны - 5 372 836 (28,5

%), 14 жастан 24 жасқа дейінгі балалар саны - 2 338 969 (12,5%) құрайды. Осылайша, халық санының 41%, яғни жартысына жуығы акцияның қатысушысы бола алатынын жеткіземіз.

Оқу сауаттылығын арттыру, заманауи қоғамдағы табысты, бәсекеге қабілетті және заманауи қоғамда өзара іс-қимыл жасай білетін тұлғаны қалыптастыру мақсатында Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдауға бағытталған «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҚЫРМАН ҰРПАҒЫ – 2021» жалпыұлттық акциясының (бұдан әрі – Акция) тұжырымдамасын әзірледі.

Аталған акция Кітапханалар қауымдастығы мен бірлестіктерінің халықаралық федерациясының (IFLA) президенті Кристина Маккензидің, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері мен оқырмандар қоғамдастығының тарапынан қолдау тапты.

Акцияға орталық мемлекеттік органдар (білім және ғылым, ақпарат және қоғамдық даму, сыртқы істер, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер, қорғаныс, ауыл шаруашылығы, экология, геология және табиғи ресурстар, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі

 

министрліктері), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, қоғамдық бірлестіктер мен мәдениет ұйымдары, жалпы кітап сүйер қауым қатысады.

 

Мақсаты:

  • - Балалар мен жасөспірімдердің арасында ақпаратты іріктеп алуға, түсінуге, талдауға және оны жеке және қоғамдық мақсаттарда табысты пайдалануға мүмкіндік беретін білім мен дағдылардың жиынтығы болып табылатын кітап оқу мәдениетін арттыру;
  • - шығармашылық интеллигенция өкілдерін, мемлекет және қоғам қайраткерлерін, қазақстандық мәдениет пен спорт жұлдыздарын, жастар ұйымдары мен қоғам қайраткерлерін тарта отырып, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу белсенділігін арттыру;
  • - балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқудың мәртебесін көтеру және отбасылық кітап оқудың дәстүрлерін қолдау.

 

Міндеттері:

  • - балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға баулу;
  • - балалар мен жасөспірімдердің бос уақытында кітап оқуға бөлінетін үлесінұлғайту.

 

Акцияны өткізу форматы:

  • - форумдар;
  • - кітап оқу марафондары;
  • - челлендждер;
  • - флешмобтар;
  • - book dating (қызықты кітаптарды талқылауға мүмкіндік беретін оқырмандардың бейресми тақырыптық кездесулері);
  • - жазғы лагерлер;
  • - дөңгелек үстелдер;
  • - театрландырылған қойылымдар;
  • - кітапханаларға кітаптар сыйға тарту акциялары және т.б.

 

Жалпыұлттық акцияның ұйымдастырушысы:

  • - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

 

 

Жалпыұлттық акцияның қосымша ұйымдастырушылары:

  • - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
  • - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;
  • - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
  • - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
  • - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрлігі;
  • - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
  • - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
  • - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
  • - Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
  • - Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстарминистрлігі;
  • - облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері;
  • - Қазақстан Жазушылар одағы;
  • - Қазақстан халқы Ассамблеясы;
  • - Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялықкітапханасы;
  • - Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы.

 

Жалпыұлттық акцияның қатысушылары:

  • - Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары;
  • - Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары;
  • - барлық деңгейдегі әкімдер;
  • - дипломатиялық корпус өкілдері;
  • - ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері, қоғам және мемлекетқайраткерлері;
  • - білім беру және денсаулық сақтау жүйесінің басшылары мен қызметкерлері;
  • - кітап оқуды дамытуға қызығушылық білдіретін журналистер, редакторлар,блогерлер;
  • - мәдениет ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері;
  • - оқырман қоғамдастық өкілдері;
  • - баспа және кітап саудасы қызметінің өкілдері;
  • - балалар мен жасөспірімдер аудиториясы;

 

  • - бизнес өкілдері.

 

Ақпараттық қолдау: республикалық және жергілікті электрондық, сондай-ақ баспа бұқаралық ақпарат құралдары

 

Нәтижелері:

  • Балалар мен жасөспірімдердің оқу құзыреттілігін әлемнің дамыған елдеріндегі деңгейге дейін арттыру;

Балалар мен жасөспірімдердің оқу белсенділігін әлемдік ақпараттық кеңістікте табысты бейімделуіне сәйкес келетін деңгейге дейін өсіру

Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдауға бағытталған
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҚЫРМАН ҰРПАҒЫ – 2021»
жалпыұлттық акциясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

 

 

Маңызды ақпарат

Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдауға бағытталған
Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы

Өлкетану

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған