КГУ

  

    5 қыркүйек Қазақстан халықының тілдері күніне орай Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мен Ақтоғай ауданы «Қазақ тілі» ҚБ ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Тіл – ұлт байлығы, халық қазынасы» танымдық шарасы өткізілді. Аталмыш шараға Ақтоғай ауданының тіл жанашырлары мен түрлі тілдік байқауларда жүлдегер болып жүрген оқушылар қатысты. Шараның мақсаты аудан тұрғындары арасында Қазақстан халқының тілдерін насихаттап, аудан жастарын Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығынан үлгі алуға шақыру болып табылады.
    Шара соңында тіл жанашырлары - еңбек ардагері Б.Қ.Башиковаға, Ақтоғай ауданы білім бөлімінің әдіскері Р.Манейге, Абай атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Х.Ертаеваға, Аудандық кітапхананың меңгерушісі Г.Т.Асамбаеваға, М.Қайырбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.М.Құттықадамоваға, Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлім басшысы атынан алғыс хат табысталып құрмет көрсетілді.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдауға бағытталған
Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы

Өлкетану

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған