Өлкетанулық-библиокеруен жобасы «Ата-бабалар жолымен...»

16.08.2021

«Ақтоғай ауданының орталықтандырылған  кітапхана жүйесі» КММ

Өлкетанулық-библиокеруен жобасы

«Ата-бабалар жолымен...» 2017-2022 жж.

 

Жобаның тәрбиелік мақсаты:

   Жеткіншектердің өз Отанына, ауылына, отбасына деген сүйіспеншілік ұялату, туған өлкеміздің тарихын жан-жақты білуге, рухани білім алуға көмектесу. 

Жоба маңыздылығы:

   Адамның туып өскен жері, тұратын адамдары, қоршаған ортасы, табиғаты-осының бәрі біздің өміріміздің бір бөлшегі болып саналады.

Тәжірибелік іс-әрекеті:

   «Туған ел», «Отаным», өлкетанулық керуендер, аудандық өлкетану мұражайына көмек ретінде мәлімет жинақтау т.б.

Жобаны іске асыру көздері:

   Оқырмандардың өз Отанына деген сүйіспеншілік тәрбиелеу, ата-баба дәстүрін сақтап, өз дінін, тілін мәдениетін білу.

Нәтижесінде:

  • - Өз кіші Отанына, беделді адамдарға деген құнды көзқарас;
  • - Патриоттық позиция мен қоса белсенділік таныту;
  • - Ауданның мәдени және архитектуралық құндылықтарды сақтау.

Кіріспе:

    Қазақ елінің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, тереқадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлдарының саны аз емес.

  Қаншама жерлес ер азаматтарымыз, жауынгер, жазушыларымыз қан майданда тер төгіп, елімізді, жерімізді жаудан қорғап, сонымен қатар өздерінің шығармаларымен жауынгердің патриоттық сезімдерін оятып, тірек бола білген.

    Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс достық пен бірлікті жырлаған, ер намысы боп атылған, ел даусы боп шақырған жеңіс. Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұрандары жерін қорғады, халқынын өмірін қорғады, өзі туған өңірін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, ақ самал ескен даласын қорғады. Осы соғыста қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама!

   Біз, яғни қазіргі ұрпақ, соғыс ардагерлерін, майданнан қайтпай қалған боздақтарды келешек үшін қанын төккені үшін басымызды иіп құрмет көрсетуіміз қажет, ол біздің адамгершілік парызымыз. Адамзаттың алдындағы үлкен міндет осы тарихи шындықтарды болашақ ұрпаққа ешқандай өзгеріссіз жеткізу болмақ. Өткенімізге көз тастап, ой елегінен өткізбейінше, туған жер топырағында жаралған небір рухани құндылықтардан нәр алмайынша болашаққа барар жолдың салынбасы хақ. Әрбір өскелең ұрпақ елінің, халқының, ұлтының болашағы болғандықтан, ұлттық теңізінің бастауында тұрған атамекенін білуі абзал.

    Соңғы жылдары өлкетанулық ұйымдары туған жерді зерттеу мақсатымен кеңінен таралуда. Осыдан аталған жобаның негізгі идеясы туындайды. Осы орайда Ақтоғай орталық кітапханасы өз туған жерін тек қана кітап беттерінен ғана оқып-білмей, арнайы топ құрып, ата-бабаларымыздың туған жеріне керуендеп қайтуды көздеді. Жоба барысында топ мүшелері барлық мәліметтерді ауылдың қарт  адамдарының ауызынан естіп, біліп, рухани бай болуға ниеттенуде. 

Жобаны іске асыру жоспары

Патриоттық тәрбиелеудегі жобаны іске асыру бағыттары

Жауаптылар

Күтілетін шығындар

(млн.тг)

Қаржыландыру көздері

Іс-шаралар

Өткізу мерзімі

1

Жобаны іске асыру бағытындағы іскерлік топ құру, талқылау.             

Қаңтар–сәуір

2017 ж

Жоба басшысы және топ мүшелері

0

0

2

 «Жерлес қаһармандардың есімін еске аламыз» (Ақтоғай ауд.

мұражайға жоғары сынып оқушыларымен саяхат жасау)

Мамыр

2017 ж.

Жоба басшысы және топ мүшелері

0

0

3

«Ұмытылмас ұлы жерлер» (Е. Бекрімбаевтың, Г. Гернеттің жерленген жерлеріне және Қ. Нығмановтың мұражайына керуендеу)

Маусым  2017ж.

Жоба басшысы және топ мүшелері

 

ОКЖ бюджет қаражатынан

4

«Біздің ауылда» (Қожамжар ауылына керуендеу, Ауған соғысының қаһарманы А. Мағұловтың және Ұлы Отан соғысының қаһарманы П. Дубовойдың тұрған көшелеріне саяхат жасау)

Қыркүйек 2017ж.

Жоба басшысы және топ мүшелері

 

ОКЖ бюджет қаражатынан

5

«Мектеп орналасқан көше» (Ақтоғай ауданындағы М. Қайырбаев көшесіне саяхат)

Маусым

2018ж.

Жоба басшысы және топ мүшелері

0

0

6

«Ата-бабаңды білу- тарихты білу» (Ақын-жазушы, жерлесіміз Қ. Ыдырысов туған ауылына саяхат)

Тамыз

2018ж.

Жоба басшысы және топ мүшелері

 

ОКЖ бюджет қаражатынан

7

«Ауданға жақын маңында орналасқан  ауылдар тарихы» (тарихи жерлерге библиокеруен)

Қыркүйек 2018ж.

Жоба басшысы және топ мүшелері

 

ОКЖ бюджет қаражатынан

8

«Біздің аудан, оның маңыздылығымен тарихи жерлері»

Мамыр 2019ж.

Жоба басшысы және топ мүшелері

0

0

9

«Жауынгерлік даңқ стенді» (Мүткенов ауылында орналасқан жерлесіміз Ұлы Отан Соғысының қаһарманы С. Мүткенов мектебіне саяхат.)

Маусым

2019ж.

Жоба басшысы және топ мүшелері

 

ОКЖ бюджет қаражатынан

10

Ауданның мәдени тіршілігі (Ақтоғай ауданында орналасқан мұражайға саяхат. Мәдениет саласында еңбек еткен адамдар жайлы мәлімет алу)

Мамыр

2020 ж.

Жоба басшысы және топ мүшелері

0

0

11

«Өзендер сөйлейді» (Барлыбай, Балтасап, Жалаулы, Шолақсор ауылдарына керуендеу)

Маусым 

2020 ж.

Жоба басшысы және топ мүшелері

 

ОКЖ бюджет қаражатынан

12

«Ауылдың қысқаша тарихы» (Андриановка ауылына саяхат )

Қыркүйек

2020 ж.

Жоба басшысы және топ мүшелері

 

ОКЖ бюджет қаражатынан

13

«Ата-баба жетістіктерімен мақтан ету» (Приреченск ауылының тың игерушілері жайлы мәлімет алу. Приреченск ауылына саяхат)

Шілде

2021 ж.

Жоба басшысы және топ мүшелері

 

ОКЖ бюджет қаражатынан

14

«Ауыл тарихы байырғы тұрғындар көзімен» Жоламан ауылына саяхат)

Тамыз 

2021 ж.

Жоба басшысы және топ мүшелері

 

ОКЖ бюджет қаражатынан

15

«Менің ата-бабам-соғысқа қатысушылар» (М. Қайырбаев ОМ саяхат)

Мамыр

2022 ж.

Жоба басшысы және топ мүшелері

0

0

16

«Ауыл тарихы жайлы»

Маусым

2022 ж.

Жоба басшысы және топ мүшелері

0

 

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған