КГУ

https://youtu.be/fqKL51s06TU 

    Оқырмандарды батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа,  Отанды сүюге, Қазақстанның барлық  заңдарына бағына отырып елді және еліміздің халқын сүйіп қорғауға, құрметтеуге, әрқашан жанашыр, патриот болуға тәрбиелеу мақсатында және Қазақстанның Қарулы күштерінің 30 жылдығына орай Ақтоғай орталық кітапханасында Қайырбаев атындағы ом. 6 сынып оқушыларының қатысуымен « Әскеріміз-айбынымыз» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
    Шара барысында жиналған қауым батыр әкелеріміз бен қаһарман аталарымыздың жанқиярлық ерлігін мәңгілік есте сақтап қалу үшін әскери-тарихи және патриоттық тақырыптарға қызығушылық танытып анықтамалық материалдар ұсынылды.  «Жас қыран» және «Сарбаздар» атты екі топ оқушылары «Әнді тауып көр»  атты  музыкалық ойында өз білімдерін көрсетіп, тақырыпқа сай суреттер салынып талқыланды және қорғалды. Шара соңында қатысушы оқырмандар белсенділік танытқандары үшін Алғыс хатпен марапатталды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған