КГУ

 

Отбасы мәселесінің маңыздылығына, құндылығына назар аудару мақсатында, Отбасы күніне орай Ақтоғай орталық кітапханасында «Отбасы құндылықтары ізімен» атты Қайырбаев ом. 6 сынып оқушыларының қатысуымен квест-ойыны өтті. Шара барысында қатысушылар екі топқа бөлініп, 4 станция: «Отбасылық құндылықтар» , «Сұрақ-жауап», «Шығармашылық жұмыс», «Мақал-мәтелдерді жалғастыру» бойынша арнайы дайындалған сұрақтар мен тапсырмалар үйлестіріліп берілді. «Еңбек етсе кімде-кім, алтын жеміс тереді» демекші еңбегіміздің жемісі көңілден шығып, әр топтың жауаптары ұтымды болып, шара соңында қорытынды жасалды. Әр қатысушылар шағын сыйлықтарға ие болды. Қорыта келе, жанұя, отбасы - мемлекеттің іргетасы, қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекеттің мықты болуы мүмкін емес. Отбасы – адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Сондықтан, әркім өз жанұяларын құрметтеуге, сыйлауға, мақтан тұтуға шақырамыз!

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған