КГУ

https://youtube.com/shorts/00EkDwKIwYY?feature=share 

   Отбасы- адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі болып табылады. Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке- шешесінің қасында өтеді. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімдерін көтеруге көмектесу мақсатымен және Отбасы күніне орай Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде «Отбасы-аялы алақан мекені» атты ата-аналардың қатысуымен тренинг өтті.
   Әр отбасы өзін таныстыра кетіп, отбасы құндылықтары жайында бейнеролик көрсетіліімі тамашаланып, тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер оқылып, жалғасын таба білді.
   Сайысқа 4 отбасы қатысып, тренинг барысында отбасында туындайтын қиындықтарды пікірлесе отырып, негізгі ойды түйіндеп, өмір жолында пайдалану сатылары айтылды. Қатысушылар берілген шығармашылық жұмыстарын орындап, талданды. Сонымен қатар: «Бала сезімі», «Бір ауыз жылы сөз» атты тренинг өткізу барысында әрбір ата-ана өздерінің балаға деген махабаттарын көрсете білді. Шара соңында әр оқырман –бала ата-аналарына тілектерін білдіріп, кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған