КГУ

https://youtube.com/shorts/5Z8qSYAqygU?feature=share 

Ақтоғай орталық кітапханасында мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заңғар жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің баласы Мұрат Әуезовтың өмір жолына арналған «Мұрат Әуезов-ұлы тұлға» атты шығармашылыққа шолу өтті. Іс-шараға Қайырбаев ОМ орта буын оқушылары қатысты.
Шара барысында ғалымның еңбектері, өмірбаяны жайлы оқушыларға кең көлемде мағлұмат берілді. Мемлекет қайраткерінің еңбек жолы, өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнебаян жасап, оқушылар назарына ұсынды. Оқушылар кең көлемде мағлұмат алып, ой-пікірлерімен бөлісті.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған