КГУ

https://youtu.be/J0kyYdBDCk0 

   Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Отбасы күніне орай, отбасылық құнды¬лықтарды нығайту, бала тәрбие¬сіндегі ата-аналардың жа¬уап¬кер¬шілігін арттыру, үлгілі қа-зақстандық отбасын насихаттау мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасында «Мерейлі отбасы» байқауы өтті.
Байқауға қатысушы отбасылар: Шәйкенова Ә.Е., А.С.Жумалина, Т.Бейбитхан, М.Жусупова, Д.Тиштуганова, С.Самарова және Б.Жумалинова 4 кезеңнен тұратын сайыста: «Таныстыру», «Әкем,анам және мен», «Үй тапсырмасы», «Отбасылық өнер»өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті.
   Байқау нәтижесі бойынша Б.Жумалинова 1 орынға ие болса, Ә.Шәйкенова, Т.Бейбитхан 2 мен 3 орындарды бөлісті. Әрбір қатысушылар ынталандыру сыйлықтарға ие болды.
   «Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» деген, мақтан етер ұрпағымыз көбейсын. Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай. Қазақтың әр отбасының керегесі кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген тілекпен шара өз мәресіне жетті.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған