КГУ

https://youtu.be/L81-tgb2kzw 

   Рухани білім мен мәдениеттің қажеттілігі ешқашан да жойылған емес. Адам баласы сол байлықты «кітап» деген байлықтан тапты. Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Ақтоғай орталық кітапханасында «Мәдениет-елдіктің белгісі» атты кітапхана-ардагерлерімен кездесу кеші өтті.
   Кітапхана қызметінің ардагерлері әрбірі 30 жылдан астам үздіксіз бір орында қызмет етіп, зейнеткерлік жасқа жеткен: Қ.М.Кенжалина, Д.Қ.Жармакина, Н.А. Кочубеева, В.В. Виткова, Ш.Каленова, Г.А. Искакова, Қ.С. Исикеева, Г.С. Абросимова, Г.К. Жүнісова, Л.В. Собкалова, Н.Р. Сматаева, К.Ж. Құрманғазина, Т.Бейсенова, Ф.И. Омарова кеш барысында кітапхана саласына қалай келгендерін, қызықты оқиғаларын айтып, әңгімеледі. Дастархан басында, шай іше отыра, әрбір шақырылған қонақтарға сұрақтар қойылып, әрқайсысы өз ойларымен бөлісті. Өз кәсібіне адал жандар, кітапхана саласының ардагерлерінің назарына қызмет еткен кезеңдегі қызықты сәттерден көрініс ретінде бейнефильм ұсынылып, сонымен қатар, қазіргі кезеңдегі «Кітапхананың бір күні» атты бейнефильмі ұсынылды.
   Мереке қарсаңында ардагерлеріміздің дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілей отыра, атқарған еңбектері кейінгі жастарға үлгі-өнеге болып табылады деген тілекпен шара өз мәресіне жетті.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған