КГУ

 

 Қазақтың төл өнері-күйді насихаттау және ұлы күйшінің ұшан-теңіз мұрасын қайта жаңғырту, ұрпақтан-ұрпаққа тарату мақсатымен Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде Қазақ ұлтының бай мұрасын «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа» және тағы басқа мазмұнды, әсерлі, терең мағыналы философиялық күйлермен толықтырған күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай « Күй атасы-Құрманғазы» атты шығармашылыққа шолу шарасы өтті. Іс-шара М.Қайырбаев ОМ 5-6 қазақ сыныбының оқушылары мен аудандық шығармашылық орталығының тәрбиеленушілерінің қатысуымен өтіп, шара барысында атақты күйші композитор –Құрманғазы Сағырбаевтың өмірбаянымен қоса күйлері тыңдалып, оқырмандар назарына бейнефильм ұсынылып, кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған