КГУ

 

    Кітапханада  жазғы демалыс уақытында балаларды кітап оқуға тарту мақсатында  Жанабет ауылының кіші топ оқушыларының қатысуымен Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлмесінде «Кітапхана бекеті» атты кітапханаға саяхат жасалды. Мұхит толқындарына енген тәрізді, жас оқырмандар  «Кітаппен жүздесу» атты кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттің әдемі және керемет әлеміне еніп, өздеріне көптеген қызықты нәрселерді ашып, жаңа әдебиеттер мен танысты.
    Сонымен қатар, заман өзгерсе де салт - дәстүріміз көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту мақсатымен, ұрпаққа ұлттық рух беріп, әдеп - ғұрыптарымыздың, салт - санамыздың, дәстүріміздің қадір - қасиетін, ерекшелігін айтып, өскелең ұрпаққа тәлім - тәрбие беріп, викториналық сұрақтар ұсынылды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған