КГУ

   

   Оқырмандарға патриоттық сезімді, Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтың ұлы ерлігін еске алу мен тарихқа ұқыпты қарауды қалыптастыру мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасында Қайырбаев ом 7 сынып оқушыларының қатысуымен Ұлы Отан соғысына арналған «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа өнеге» атты еске алу кеші өтті. Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысының қаһармандары туралы әңгімеленіп, Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы жайлы әңгімеленіп, барша Қазақстандықтармен бірге біздің де жерлестеріміз да жан аямай шайқасты. Ұлы Отан соғысының қаһармандары: С.Мүткенов, П.Дубовой, М.Қайырбаев жайында қысқаша мәлімет беріліп, бір минуттық үнсіздік жарияланып, бейнефильм тамашаланды. Тақырыпқа сай өз ойларын жиналған оқырман қауым сурет бетіне түсіріп, өз ойларымен қорытындылады. «Мәңгі жадымызда» атты кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған