КГУ

https://youtu.be/COPGJS-u24k 


Ақтоғай ОКЖ аудандық Мәдениет үйімен бірлескен Отбасы күніне орай жас ұрпақты адамгершілік сезімдерді қалыптастыру, аға ұрпақтың ізімен жүретін намысшыл, ер мінезді, жігерлі тұлғаны дамыту мақсатында Ақжол ауылдық Мәдениет үйінде «Бақытты отбасы» атты мерекелік шара өтті. Іс-шараға Дисеновтар, Шаймарденовтар, Қабиденовтар және Омаровтар отбасылары қатысып, әр отбасы бейнеролик арқылы өздерін таныстырып өтті . Құттықтау сөз «Ардагерлер»кеңесінің төрағасы Б.Қ. Арыновқа, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Н.Қ. Көбенова, Павлодар облысының «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Б.Ш. Максилова және Ақтоғай ауданының «Нұр-Ана әлемі»қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қ.К. Карагужиновағаберіліп, Бақытжамал Шақанқызы Ақжол ауылының тұрғыны Т.Р. Мусалимованы төсбелгімен, Алғыс хаттармен: Басқамыс, Қарақоға, Разумовка ауылының тұрғындары Саликовтар, Дәуітжан, Ариповтар отбасыларын марапаттады.
Тамаша іс-шара Ақтоғай аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының әсем әндерімен өз жалғасын тапты.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған