КГУ

     

    Жазғы демалыс әрқашан балалар үшін көптен күткен және ұзақ мереке болып табылады. Жаздың басталуы, алайда, бүлдіршіндердің ең қуанышты мерекесі 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен бастау алады. Сонымен қатар биылғы Балалар жылына орай Ақтоғай орталық кітапханасы Мәдениет үйінің алаңында «Балғын балалық шақ» атты ойын-сауық бағдарламасын ұсынды. Әрбір бағыт бойынша: «Сиқыршылар» және «Крылья» деп аталатын екі топ балалар пойызы тіркеліп, 5 станциядан: «Пазлы», «Блиц-турнир», «Бюро находок», «Буквенные пазлы», «Цифры в литературе» атты квест ойынында сүрінбей өтіп, жол бойында оларды ақпараттық станциясы да күтіп алып, «Батырлар аллеясы», «Жеңіс саябағы» және «Естай Беркімбаев» туралы ақпарат алды. Әр аялдамада бүлдіршіндер жылдамдық пен тапқырлық танытып шығармашылық қабілеттерін көрсете алды. «Кітаппен жүздесу» станциясына келіп, кітаптарға шолу жасалып, ертегі кейіпкерлерін табу ойынында шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Шара соңында жеңіске жеткен балалар естелік сыйлықтармен марапатталып, белсенді қатысқан оқушылар тәтті сыйлыққа ие болды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған