КГУ

   

Міне, жазғы демалыс уақыты да басталып кетті. «Жаз жайнатып, күн күлдіріп» келетін жазғы демалыстың оқушылар үшін қызығы ерекше. Балалар үшін бұл-алаңсыз балалық шақтың аралында сайраңдайтын уақыт. Кекiлiн күнге сүйдiрiп, табанын құмға күйдiретiн ойын баласы үшін бұдан асқан қызықты шақ болмас. Осы орайда, балалардың демалысын, бос уақытын және сауықтыруын қамтамасыз ету мақсатымен Ақтоғай орталық кітапханасының балалар бөлімінде Абай ОМ жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері ұстаздарымен саяхатта болды. Оқушыларды шырайлы жүзімен қарсы алған кітапхана қызметкері ең алдымен кітапхана ережелерін түсіндіріп «Кітап-алтын қазына» дегендей, ақын-жазушылардың шығармаларымен таныстырып өтіп, сергіту ретінде ойындар өтті. Кең көлемді кітап көрмесіне шолу жасалып, шара соңында балаларды ең тамаша мезгіл, үш айға созылатын жазғы демалыстарымен құттықтап, қызықты кітаптар оқуды естен шығармаулары ескерілді.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған