КГУ

https://youtu.be/iagyPVUzbtk 

"Ақтоғай-алтын бесігім"

Ауылым-алтын бесігім
Жүрегім,жырым сенікі
Кеңесті далам,кең далам
Тудым, өстім есейдім-деп ақындар жырлаған Ақтоғай ауданына биыл 85 жыл толғалы отыр.
???? Ақтоғай өңірі тарихын таныстыру мақсатында және Ақтоғайдың мерейтойына орай « Ақтоғай- алтын бесігім» атты кең-көлемді кітап көрмесінің ашылуы өтті. Іс-шараға М. Қайырбаев ОМ 7 қазақ сыныбы қатысты. Көрме «Аудан тарихы беттерінен», «Жерлестеріміз-Ұлы Отан соғысының ардагерлері» және «Өлкенің атақты ақын-жазушылары»атты үш бөлімнен тұрады.
✍️ Қазақ жерінің тау мен тасы, сай-саласы, ең аяғы бір тал жусанының да өзжіндік тағылым алар тарихы бар. Тек соның тереңіне бойлап, танымдық жағынан насихаттау мақсатымен көрмеге Ақтоғай өңірінің қасиетті киелі орындары, өлкеден шыққан топ бастаған от ауызды, орақ тілді батырлар мен дүлдүл ақын-жазушылар, өңірдің өткен тарихы мен киелі өңірдің көрікті келбеті жайлы кітаптар мен мақалалар қойылып, шолу жасалды.
Көрме жыл бойында аудан тұрғындары мен кітапхана оқырмандары үшін қызмет етеді.
Құрметті Ақтоғайлықтар! Сіздер үшін кітапхана есігі әрдайым ашық.
????Келіңіздер! Көріңіздер!

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған