КГУ

https://youtu.be/gnxWUL_DRd8 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «...Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі деп айтып, сол себепті Жаңа жылдық Жолдауында 2022 жыл елімізде «Балалар жылы» деп жарияланып, оқушылардың кітап оқуға деген ынта-жігерін оятып, оқу мәдениетін жандандыру мақсатында Халықаралық балалар кітап күніне орай бір жұма бойы кітап мерекесі күндері балаларға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылады: ойындар, викториналар, кітап көрмелері т.б.
Апталықтың алғашқы күні Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде «Қош келдің, Балалар апталығы» атты кітап апталығының ашылуы өтті. Шараға Қайырбаев ом.3 «а» қазақ сынып оқушылары қатысты.
Мереке шытырман оқиғалы боевик, триллер мен драма, аман қалу үшін жанталас жанрындағы оңтүстік кореялық «Кальмар ойыны» фильмінің желісі бойынша өткізіліп, шара барысында балалар қызыққа толы оқиғаларға тап болып, шығу жолын іздестіру үшін «Ақырын жүрсең-алысқа жетесің», «Арқан тартысы», «Қант сотыі»т.б шытырман оқиғаларға толы ойындарға қатысып, өздерін көрсете алды. 
Қорытындылай келе бақытты оқырмандар кітап оқу – өте пайдалы, жағымды, қызықты және көңілді іс екендігімен келісіп, шара соңында кітапхана директоры Б.Б. Машырықова құттықтап, әр бала тәтті сыйлыққа ие болды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған