КГУ

Наурызды тойлау декадасының бұл күні ұлттық спортқа арналады. Жер-жерлерде, ипподромдарда ересектерге арналған көкпар, бәйге, қыз қуу, аударыспақ ұйымдастырылады. Ал, балалардың асық ату, ләңгі, тоғызқұмалақ, дойбы, арқан тартыс, қап киіп жарысу, жаяу тартыс, садақ ату т.б. ойындар ойнауына арнайы орындар жасалады.
Сонымен қатар, жастар мен балалардың болашақтағы бес саусағынан өнер тамған шеберлер, жезтаңдай әншілер, мың бұралған бишілер мен металды жіпше үйірген зергерлік талантын ұштау мақсатында арнайы жарыстар ұйымдастырылады.
Жергілікті билік осы шараларды ұйымдастыруға қажетті құрал-жабдықтар және құрылғылармен қамтамасыз етуі керек.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған