КГУ

https://youtu.be/9Rf0DnU_eIk 

Қазіргі кезде кітапхананың қызметі жан-жақты дамып жатыр. Әсіресе, жігерлі жастардың басын қосатын мәдениет ордасы ретінде өз қызметін атқаруда. Жастарды кітап оқуға саналы түрде баулу, оқырмандардың оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани байлығын арттыру мақсатында және облыстық «Кешкі кітапхана» жобасы аясында Ақтоғай орталық кітапханасында «Жастар және кітап» атты әдеби нон-стоп іс- шарасы өтті. Шараға қатысушы жастар оқыған кітаптарының тәрбиелік мәні туралы айтып,  ой  бөлісті. Жаңа буын – жас желек оқырмандарымыздың талғамы қалай? Оларды қандай кітаптар қызықтырады? Осыған орай жастар  әдебиет – адамның рухани дүниесін байытатын, сәулелендіретін, нұрландыратын құрал, қазақ әдебиеті болсын, шетел әдебиетінің жауһарлары болсын, оның ішінде фантастика жанрын ерекше атап өтіп, адамды ізгілікке, білімге, парасаттылыққа шақырады деген шұғыл көзқарастарын білдіріп, уақытпен қатар жүру керек екендігін дәлелдей білді.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған