КГУ

    

Ана деген ардақты атқа ие. Ол баланы өмірге әкеліп тәрбие беретін жаны ашитын, баласын ойлап отыратың ардақты жан.Барлығымыз анадан туған жанбыз.Сол аналарымызға арнап Аға буынның жинақтаған тәжірибесін, білігін, парыз бен намыс ұғымын сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу және аналар мерекесіне орай Ақтоғай орталық кітапханасында «Ана туралы аңыздар» атты «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестік мүшелерінің қатысуымен әдеби кеш өтті.
Анаға ән арнамаған сазгер, жыр арнамаған ақын жоқ шығар?! Өмір сыйлаған жанға деген құрметін қазақ әркез өлеңмен өрнектеген. Бұл орайда   аналар құрметіне кітапхана қызметкерлерінің орындауындағы М.Мақатаевтың «Анаға» және Тұманбай Молдағалиевтың– «Ана» атты өлеңдері оқылып, анаға арналған әндер шырқалды. Кеш соңында
ақ жаулықты аналарымыз алғыстар мен жылы лебіздерін білдіріп, ақ баталарын берді.
Тамаша кеш Төлеген Айбергеновтың «Анаға құрмет»өлеңінің ұзіндісімен өз мәресіне жетті.
Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған