КГУ

   

Халқымыз көктемнің алғашқы шуақты күнінде өнегесі мол, мәні ерекше мерекені атап өтті. 1 наурыз – Алғыс айту күнінде еліміздегі түрлі ұлт өкілдері қазақ халқына айрықша алғыс айтып, құрметі мен ізетін білдіріп келеді. Қазақстанның киелі шаңырағы астында әртүрлі ұлт өкілдерінің тату–тәтті өмір сүріп жатқандығы бізді қуантады. Мерекеге орай өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында  Ақтоғай аудандық орталық кітапханасында ЗУМ-режиміндегі оқырмандарға арналған «Алғыс айтамын жүректен» атты алғыс айту мерекесіне орай панорамалық шолу өткізілді. Ауданымызға қоныс аударған: татар, шешен, болгар халықтарының қазақтарға алғысы шексіз. Халқымыз қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Бейнепрезентация тамашаланып, кітап көрмесі безендірілді.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған