КГУ

 

2022 жылы Ұлы ағартушы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай- қазақстандық патриотизмді және туған жері мен халқы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандардың ой -өрісін кеңейту мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасында «Ұлы әдебиеттанушы» атты Абай ом жоғары сынып оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында А.Байтұрсынұлының өмірі туралы ақпарат берілді. Ол тек ғалым, көптеген оқулықтардың құрастырушысы, аудармашы, этнограф қана емес, сонымен қатар жас балаларға арналған көптеген өлеңдердің авторы болып саналды. Оқырман назарына шығармашылық жолына арналған бейнефильм ұсынылып, оқырмандардың қатысуымен өмір жолына арналған интеллектуалдық ойын өткізіліп, «Ұлттың ұлы көсемі»атты кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған