КГУ



  Жылда бүлдіршіндердің көктемгі демалыстарында түрлі-түсті, әсем безендірілген мұқабасымен, парақтарын сыбдырлатып, балаларға қонаққа «Кітап апталығы» келеді.                                     
  Ақтоғай ауданының орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде жылдағы дәстүр бойынша «Кітап мекеніндегі мереке» атты кітап апталығы өз бастауын алды. Мереке «Қуыршақ-думан» атты қуыршақ кейіпкерлерінің қатысуымен қойылған театрландырылған көрініспен ашылып, бұл жақсы дәстүрдің шығу тарихы туралы әңгіме жүргізіліп, жас оқырмандарға  кітапхананың барлық байлықтарын көрсетіп, «Бізде мерейтой» атты балалар ақын-жазушыларының мерейтой иелеріне арналған кітап көрмесі бойынша шолу жасалды. Жас оқырмандар шара барысында көңілдерін көтеріп, жақсы әсер алғандарымен қоймай, көптеген жаңалықтар мен мәліметтерге қанық болды.
   Бір апта бойы балаларды кітапханада кітаппен жаңа кездесулер, кітап көрмелері, ойындар, викториналар мен шолулар  күтеді. Кітапханаға қош келдіңіздер, жас оқырмандар!

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған