КГУ



    2021 жылы Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Ата-бабамыз ақ жол салған Азаттық байрағын қолда берік ұстау бүгінгі ұрпақтың асыл парызы. Осы мақсатта жас ұрпақты Отанын жүрегімен сүйіп, елді өркендету жолында  адал қызмет ететін руханияты  бай азамат етіп тәрбиелеу мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты кітап көрмесі ашылды.
     Көрмеде Азат елдің 30 жылдағы өрлеу кезеңі туралы баяндайтын құнды кітаптар оқырман  назарына  ұсынылады. Айтап айтқанда: «Қазақстан жолы», «Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті», «Қазақстан спорты» және т.б. көптеген кітаптар. Тәуелсіздік жылдарындағы жеңістерімізді бірге дәріптеп, бірге мақтанайық дей келе, осы бағытта жастарды  ұлттық  құндылықтарымызды  қадірлеуге, Тәуелсіз Елдің тарихын білуге ықпал етеді деп үміттенеміз.
Олай болса, көрмені көруге қош келдіңіздер!

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған